Түркия Ресейден Sputnik-V вакцинасының 50 миллион данасын сатып алу туралы келісімге қол қойды. Олар келесі айда жеткізіледі.
Мұны осы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлімдеп отыр. Тағы бір дерекке сәйкес, «ковидтің» Үндістанда анықталған варианты Түркияда бес адамнан табылған.
Айта кетсек, Түркия бұған дейін Қытайдың «SinoVac», АҚШ-тың «Файзер» екпелерін 22 миллион тұрғынға салды. Тағы ондаған миллион адамға иньекция қажет. Сондықтан, Түркия Sputnik-V-ді өз жерінде шығаруды да жоспарлап отыр.
«Файзер» болса, жыл соңына дейін коронавирусқа қарсы таблетка өндіруді жоспарлап отыр. Бұны Британияның «Телеграф» газеті хабарлады. Жаңа дәрі қазір АҚШ пен Бельгияда клиникалық сынақтан өткізіліп жатыр. Науқастар оны қабылдап, ауруханаға бармай-ақ үйде емделеді деген үміт бар.
Арыстан Рысбек