Қайтыс болған адамдардан да Covid-19 вирусына сынама алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайтыс болған адамдардан да Covid-19 вирусына сынама алынады

18.06.2020

Бұдан былай қайтыс болған адамдардан да Covid-19 вирусына сынама алынады. Енді марқұмның денесіне алғашқы болып эпидемиологтар келеді. Олар мәйіттен сынама алып кеткен соң, нәтижесі белгілі болғанша денеге ешкімнің жақындауына рұқсат жоқ. Алайда, қазір індеттің өршуіне байланысты тест тапсырушылардың көп екенін ескерген жұрт, мәйітті жер қойнына тапсыруды кешіктіріп аламыз ба деп алаңдаулы. Полиция департаменті өкілдерінің сөзінше, құзырлы орган өкілдері де жаңа алгортим бойынша жұмыс істейді.

Қуан НҰРАҚЫН


Хабарламаларға жазылу