Шетелдік БАҚ қазақстандық вакцина туралы жарыса жазып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік БАҚ қазақстандық вакцина туралы жарыса жазып жатыр

28.04.2021

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары да қазақстандық вакцина туралы жарыса жазып жатыр. Олардың арасында АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Испания елдерінің әлемге танымал басылымдары да бар. Жалпы ақпарат құралдарында материалдар QazVac туралы оң пікірде.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші: 
Әлемге әйгілі Рейтерс агенттігі QazVac туралы алғашқы болып ақпарат жариялаған басылымдардың бірі. Ол: Осы аптада Қазақстан өз вакцинасын дайындап болды. Оны Денсаулық сақтау министрі халықтың алды болып қабылдады деп жазған. Ведомство басшысының егілу сәті телеарналар мен әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілген.

The penensula сайтынан:

Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі Алматыда Mega Park сауда үйінде сейсенбі күні QazVaс егіліп жатқан жалғыз вакцина болды. Ал, кезекте тұрған адамдардың көбі екпенің түрі мен маркасы емес қорғаныш қабілетінің маңызды екендігін айтты.

Ал Арабтардың Әл.Айн ақпараттық порталы Қазақстандық вакцина сынақтың бірінші этапында 100 екінші этапында 96 пайыз тиімділігін көрсетті. Сондай-ақ 2-8 градус шамасында 1 жылға дейін сқатауға болады. Бұл өте ыңғайлы деп жазған. Өндірісті ұлғайту жоспары бар екендігі туралы да ақпарат таратқан.

Wyborcza.pl сайтынан 

Қазақстанда бүгінге дейін 50 мың доза вакцина өндірілген. Келер айға да тура осынша жоспарланып отыр. Дегенмен болашақта айына 500-600 мың дозасын өндіру мүмкіндігі бар. Ол үшін қазақ басшылары екпені Түркияда әзірлеу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Шетелдік тілшілер Қазақстан індетпен күресуде әлем бойынша жетекші елдердің бірі екендігін айтқан. Сондай-ақ, біздің ел коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеп, пайдаланып жатқан 5 елдің бірі екендігі туралы жазғандар да көп.

Оңғар Алпысбайұлы 


Хабарламаларға жазылу