Алматыда қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан азамат ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан азамат ұсталды

28.04.2021

Алматыда қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан азамат ұсталды. Оған жеті дерек бойынша айып тағылды. Негізі, ол басқарған көлік ұрлаушылардың қылмысы өткен жазда әшкереленген. Сол кезде Алматы облысы Қарасай ауданындағы үйлердің бірінің ауласынан Toyota Land Cruiser, Lexus сияқты жол талғамайтын көліктер жасырынған бункер табылған. Дегенмен, күдікті ұстатпай қашып кеткен еді. Алайда, арнайы жедел-тергеу тобы оны қолға түсірді. Күдіктінің осыған дейін де қарақшылық және бұзақылық үшін төрт рет сотталғаны анықталды.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу