Ақтөбеде мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Ақтөбе облысында мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олар екі ай бойы әр үш-төрт күн сайын Хромтау ауданының аумағынан ірі қараны алып кетіп отырған. Полицияның мәліметіне сай, қылмыстық топ құрамында үш адам болған. Күдіктілердің бірі малды өрісте жүрген жерінен оңаша аумаққа айдап апарып, сыбайластарына хабар бергенін мойындады. Одан кейін жүк көлігіне тиеп, Ақтөбе қаласына қарай жөнелтіп отырған. Екі күдіктінің үйін тінту кезінде қолды болған жылқылардың бірі табылды. Сондай ақ, «Газель» автокөлігі болған. Малдың терісі мен сирақтары да сол жерде жатқан. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін XXV қысқы Олимпиада ойындарының жалауы желбірейді
06.02.2026, 20:59
Әлем жаңалықтарына шолу
06.02.2026, 20:15
Қарлы боранда қалғандар құтқарылды
06.02.2026, 20:14
Жойқын желден Жаңатаста 10 үйдің шатыры ұшты
06.02.2026, 20:12
Мәжіліс төрағасы Беларуське ресми сапармен барды
06.02.2026, 20:10
Астанада 45 жол-көлік оқиғасы тіркелді
06.02.2026, 20:09
ЮНИСЕФ: Желіге байланған әр бесінші бала зиянды контент қарайды
06.02.2026, 20:08
«Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды
06.02.2026, 20:08