Үндістанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 200 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 200 мыңнан асты

28.04.2021

Бүгін Үндістанда коронавирустан қайтыс болғандар 200 мыңнан асты. Өлгендер бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Құрбандардың тез көбеюіне оттегі тапшылығы, ауруханаларда орын мен дәрі-дәрмектің жетіспеуі де себепші.

Үндістанда соңғы аптада тәулігіне кемінде 300 мың адамнан ковид анықталды. Ал, кейінгі 24 сағатта мұндай науқастар саны 361 мың адамға көбейген. Және де кеше 3300-ге жуық адам қайтыс болды. Вирустан марқұм болғандардың көптігі сонша, крематорийлер мәйіттерді қабылдап үлгере алмай, оларды көшелерде өртеп жатыр.

Әлемнің бірнеше елі Үндістанмен әуе қатынастарын тоқтатты. Ал, АҚШ Ұлыбритания, Ирландия, Германия, Франция бұл мемлекетке вакциналар, екпе желдеткіштер мен оттегі, дәрі-дәрмек пен басқа да көмек жіберуге кірісті.

Арыстан Рысбек


үндістан коронавирус

Хабарламаларға жазылу