Қарағандыдағы Доскей ауылында төтенше жағдай жарияланды
Қарағандыға жақын орналасқан Доскей ауылында төтенше жағдай жарияланды. Себебі, елді- мекен маңындағы қоқыс полигоны 10 күннен бері жанып жатыр.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Доскей ауылы маңындағы мына қоқыс полигоны 15 сәуірден бері жанып жатыр. Өрт шалған жердің жалпы аумағы 1500 шаршы метр, ал үйілген қоқыс жалының биіктігі 3 метрге жуықтайды. Мұнда жанғыш заттар көп жатқандықтан, жалынды ауыздықтау оңайға соқпайды, дейді төтенше жағдай қызметкерлері.
Ерболат Тоқмырза, Доскей ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы:
Жанған қоқысты топырақпен көмуге және қалдықтарды жинау сынды іс-шаралар орындалып жатыр. Өртену фактісі бойынша құқық қорғау орындары тергеу жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келу қауіпі жоқ.
Қазір мұнда жағдай тұрақталды. Алайда қоқыс астынан әлсін-әлсін бықсып, жағымсыз ащы түтін маңайдағы елді мекендерге кіруде. Жергілікті билік төтенше жағдай қызметімен бірлесіп осында жұмыс істеуде. Арнайы техникалармен қоқыс қопарылып, жалынды түбегейлі сөндіруге күш салынуда. Альбина, сөз кезегі өзіңізде.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстанда Аризона университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасының алғашқы түлектері оқуын аяқтады
12.07.2026, 11:25
Испания құрамасы жартылай финалға өтті
11.07.2026, 20:09
Үй шаруасына арналған робот
11.07.2026, 20:08
Бибісара Асаубаева ширек финалға жолдама алды
11.07.2026, 20:07
Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ
11.07.2026, 20:07
«Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтті
11.07.2026, 20:06
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңі өтті
11.07.2026, 20:05
Саяси реформалар ел дамуына жаңа серпін береді
11.07.2026, 20:05