Қазақстанда 42 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

28.04.2021
Қазақстанда 42 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Қазақстанда өткен тәулікте 2 682 адамның коронавируспен ауырғаны расталды.

Өңірлер бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы — 439,

Алматы қаласы — 698,

Шымкент қаласы — 90,

Ақмола облысы — 139,

Ақтөбе облысы — 83,

Алматы облысы — 268,

Атырау облысы — 98,

Шығыс Қазақстан облысы — 78,

Жамбыл облысы — 69,

Батыс Қазақстан облысы — 173,

Қарағанды облысы — 256,

Қостанай облысы — 25,

Қызылорда облысы — 57,

Маңғыстау облысы — 55,

Павлодар облысы — 103,

Солтүстік Қазақстан облысы — 29,

Түркістан облысы — 22.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 314 082.

28 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 486 адам коронавирус инфекциясынан (42 022 КВИ+ және 464 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 14 705 пациент стационарда, 27 781 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 770 адамның жағдайы ауыр;

- 193 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 109 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 

Бір тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 156 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 87 адам емделіп шықты.

Хабарламаларға жазылу