Геннадий Шиповских: Бірлік – Қазақстанның басты байлығы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Шиповских: Бірлік – Қазақстанның басты байлығы

27.04.2021

Бірлік-Қазақстанның басты байлығы. Бұл – Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповскихтің сөзі. Себебі, ауызбіршіліктің арқасында, Қазақ елі өсіп-өркендеп жатыр. Елімізде бейбіт өмір, тұрақты даму бар. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдері мұны жақсы ұғынады. Сондықтан, 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні – қазақстандықтар үшін киелі мейрам,-дейді Геннадий Шипоских. Айта өтейік, Қазақ жері бүгінде 100-ден астам этнос пен 40 конфессияның ортақ үйіне айналып отыр. 47 мыңнан астам діни бірлестік, 3 мыңнан астам ғибадат орыны жұмыс істейді. Сонымен бірге, 471 ұлттық-мәдени бірлестік, 100-ден астам этникалық мектеп бар.

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
 Біздің ең үлкен байлығымыз мұнай емес, жер қойнауындағы дүниелер емес, бұл-бірлігіміз. Біз осы девизбен тек жоғары дамып, әрі қарай жүріп, Елбасымен бірге, халқымызбен бірге барлық жоспарларымыз бен армандарымызды іске асыратынымызға кәміл сенемін. 

Армангүл Тоқтамұрат

Хабарламаларға жазылу