Елордада студенттер Президент Жолдауын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада студенттер Президент Жолдауын талқылады

08.09.2022

Қазақстанның жастары – елдің басты байлығы. Президент өз жолдауында алдағы уақытта өскелең ұрпақты сапалы біліммен қамтамасыз етіп, барлық жағынан қолдау көрсету маңызды екеніне тоқталды. Осыған орай, Еуразия Ұлттық Университетінің оқытушылары студенттермен кездесу өткізіп, Президент Жолдауын жан-жақты талқылады.

Жиынға қатысушылар бас құжаттағы саяси реформаларды жүзеге асырудың жаһандық үлгісін тілге тиек етіп, президенттің тың бастамаларын қолдайтындықтарын жеткізді. Ал ұйымдастырушылар жастармен мұндай ашық алаңда пікір алмасып, ашық диалог құру маңызды екенін айтады.

Бағыш Габдуллина, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының меңгерушісі, профессор:

Университет студенттерінің, жалпы адамдардың, оның ішінде жастардың саяси мәдениетінің, саяси қатысуының деңгейі өте жоғары деп айтуға болады. Сондықтан бүгінгі жолдауды талқылау - университеттегі дәстүрлі түрде Президенттің саясатқа қатысты ұстанымын талдау.


Хабарламаларға жазылу