Арыс қаласын оқ-дәрілерден тазарту жұмыстары жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыс қаласын оқ-дәрілерден тазарту жұмыстары жалғасып жатыр

27.04.2021

Жойқын жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласы әлі күнге оқ-дәрілердің қалдықтарынан тазартылып жатыр. Ол үшін мұнда инженерлік-саперлік жасақ құрылған. Бұл жұмыстарға заманауи инженерлік техника жұмылдырылып, арнайы бекттен басқарылатын «Теодор» атты роботтандырылған кешен қолданылады. Бұдан бөлек, заманауи экскаватор машиналары жұмыс істеп тұр. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жұмыс барысын тексеріп, жергілікті тұрғындар мен әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу