АҚШ пен Еуропалық Одақ Үндістанға гуманитарлық көмек жібереді
АҚШ пен Еуропалық Одақ жақын күндері Үндістанға гуманитарлық көмек жібермек. Өйткені бұл елде коронавирус өршіп тұр. Әр төрт минут сайын елде індеттен бір адам қайтыс болуда. Ауруханаларда орын жоқ, дәрі-дәрмек, тыныс алу аппараттары тапшы. Енді үнді штаммы Еуропа елдерінде де тіркелді. Қарт құрлықтағы соңғы ахуалды Нұрсұлу Қасымнан білейік.
Нұрсұлу Қасым, тілші:21 сәуірде Бельгияда оқитын үндістандық 43 студенттен үнді штаммы анықталған. Олар қазір карантинде отыр. Жағдайлары бірқалыпты. Бельгияға сапарлардың алдында барлығы елдерінде екпе салдыртқан. Соның арқасында симтомдары жеңіл өтіп жатыр-дейді дәрігерлер. Бельгиядан бөлек үнді штаммы Чехия мен Швейцарияда да анықталды. Қарт құрлыққа тарап жатқанынан сескеніп Италия соңғы 14 күнде Үндістанда болған азаматтардың елге кіруіне тыйым салды. Еуропалық Одақ елдері Үндістанға жақын күндері дәрі-дәрмек, тыныс алу аппараттарын жіберуге уағдаласты.
Еуропа елдерінде індет жұқтырғандарың саны сәл азайған соң, бірқатар мемлекет карантинді жеңілдетті. Франция мен Италияда бүгін оқушылар мектепке оралды. Бельгияда шаштараздар, Венгрияда мейрамханалардың жазғы алаңдары ашылды. Германия, Польша тағы бірнеше мемлекетте жансақтау бөлімдері әлі де науқастарға толы. Сондықтан, олар шектеулерді мамырдың соңына дейін созды.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяққа алданғандар тергеудің баяу жүріп жатқанына наразы
30.10.2025, 20:30
Атырауда егеуқұйрық қаптады
30.10.2025, 20:30
Президент Жолдауы: Ауыл әкімдері нәтижелі жұмыс істеп жатыр
30.10.2025, 20:30
Елде 549 мың студент ЖИ курсын тәмамдаған
30.10.2025, 20:30
Луврды тонады деген күдікпен тағы 5 адам ұсталды
30.10.2025, 20:22
Сарапшы: Сирек металлға сұраныс артуы мүмкін
30.10.2025, 20:21
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин бірқатар келісімге келді
30.10.2025, 20:17
Экс-шенеунік Ержан Бабақұмаров кісі қолынан қаза тапты
30.10.2025, 20:15