Алексей Цой QazVac вакцинасын салдырды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық QazVac вакцинасын елдің алды болып салдырды. QazVac-ты қолдану ережелері сәл өзге. Мәселен, Спутник V-дің 1 құтысындағы дозаны бірден 5 адамға салу керек болса, отандық екпе 1 адамға ғана арналған. Сақтау талаптары да бір-біріне ұқсамайды. Бізде өндірілген екпені мұздатудың қажеті жоқ. 2-ден 8 градус жылылықта ұстаса жеткілікті.
Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы өңірлерге жетті. Әзірге 50 мың доза. Бұдан соң вакцина өндірісін айына 600 мың дозаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Алексей Цой ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Өндірісті ұлғайта түсу үшін әртүрлі жолдар қарастырып жатырмыз. Қазір түрік серіктестеріміздің алаңы бар. Сонымен қатар өзіміздің зауыт салынып жатыр. Құрылысы аяқталуға жақын. Құрал-жабдықтарды орнату мәселелері пысықталып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді
24.09.2026, 23:10
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18