Қарағанды қаласында қоғамдық көлік жол апатына ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды қаласында қоғамдық көлік жол апатына ұшырады

18.10.2019

Қарағанды қаласында қоғамдық көлік жол апатына ұшырады. Автобус ішінде 30 шақты адам болған. Автобус жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық қоғамдық көлік бір жағына ауып қалған. Зардап шеккендерге 6 жедел медициналық бригада шұғыл көмек көрсетті. Түрлі дене жарақатын алған 12 адам ауруханаға жеткізілді. Арасында бір бала бар. Дәргерлердің тексеруінен кейін оларға амбулаторлық ем тағайындалды.  

Ерік Шонбаев, Х. Мақажанов атындағы Травматология және ортопедия клиникасы ахуал орталығының меңгерушісі:


Хабарламаларға жазылу