Коронавирус жұқтырған 689 адамның жағдайы ауыр - ДСМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус жұқтырған 689 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

23.04.2021
Коронавирус жұқтырған 689 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

Өткен тәулікте 2894 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. 2307 адам жазылып шықты. Індеттен 29 адам көз жұмды.

Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 300733-ға жеттi. Жазылып шыққандар саны - 257278 адам. Қайтыс болғандар саны - 3512.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 40 441 адам ем қабылдап жатыр. 689 науқастың жағдайы ауыр. 97 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 107 жағдай тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 52255 адам пневмонияға шалдыққан. 50993 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 764.

коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу