Қостанай облысында вакциналау тоқтатылды
Қостанайдың емханаларында вакцинаның бірінші компоненті таусылып қалды. Соның кесірінен коронавирусқа қарсы екпе жасау облыс аумағында уақытша тоқтап тұр. Мамандар бұған тұрғындардың вакцина алуға белсенділігінің артуы себеп болды дейді. Мысалы, кеше бір күнде 800-ден астам адам ковидке қарсы егілген. Сөйтіп вакцина салдырғандар саны облыста 30 мыңға жуықтады.
Еркін Қоңырша, Қостанай қаласының тұрғыны:
Вакцина салдыруға екі апта бұрын оқталған едім. Алайда жұмыстан қолым босамады. Бүгін барсам, дәрігерлер вакцина таусылып қалды дейді. Нақты қашан жеткізілетінін ешкім айтпады.
Анжела Бексұлтанова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Денсаулық сақтау министрлігінің бізге жіберген мәліметіне сәйкес, бірінші компонентті вакцинаның 5 мың дозасы бізге ертең немесе арғы күні жеткізілуі тиіс. 25-26 сәуірде 21 мың доза әкелінеді. Ал 28 сәуірде 6 мың доза вакцинаны аламыз деп отырмыз.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті
16.12.2025, 17:58
Мемлекет басшысы Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
16.12.2025, 17:57
Биыл 79 спорт нысаны пайдалануға берілді
16.12.2025, 17:26
Отпен арпалысқан өрт сөндіруші
16.12.2025, 17:24
Мәдениет саласына 14 жаңа қызметтік автокөлік табысталды
16.12.2025, 17:20
100% сапалы ауызсумен қамтылады
16.12.2025, 17:17
Кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді
16.12.2025, 17:14
Биыл Қарағанды облысында 25 инвестициялық жоба жүзеге асты
16.12.2025, 17:10