Маңғыстау мен Қызылорда облыстары «қызыл» аймаққа енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау мен Қызылорда облыстары «қызыл» аймаққа енді

21.04.2021

Rоронавирус инфекциясының таралу көрсеткіші бойынша Маңғыстау мен Қызылорда облыстары бүгін «қызыл» аймаққа енді. Екі өңірде де індет жұқтырғандар саны күрт көбейген. 

Әділбек Серікұлы, тілші:
Қызылорданың «қызыл» аймаққа енгені туралы таңертең белгілі болды. Осыған орай, облыстың бас санитар-дәрігерімен карантин режимін күшейту туралы жаңа қаулы дайындалып жатыр. Жалпы індет сәуір айынан бастап өрши түсті, жағдай күннен күнге ушығып барады. Мәселен, соңғы бір аптаның ішінде облыста 450-ге жуық адам кесел жұқтырған. Соның ішінде, 14 жасқа дейінгі балалар көп. Жыл басынан бері 350-ге жуық жасөспірім коронавирус инфекциясына шалдыққан. 

Өңір бойынша блок-бекеттер қойылған жоқ. Бұл мәселе жаңа қаулыда қаралып жатыр деді мамандар. Жалпы, эпидахуал тұрақталмаса, пандемия кезіндегі қатаң шектеулер қайта қолданылуы мүмкін. 

коронавирус

Хабарламаларға жазылу