Rоронавирус инфекциясының таралу көрсеткіші бойынша Маңғыстау мен Қызылорда облыстары бүгін «қызыл» аймаққа енді. Екі өңірде де індет жұқтырғандар саны күрт көбейген.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Қызылорданың «қызыл» аймаққа енгені туралы таңертең белгілі болды. Осыған орай, облыстың бас санитар-дәрігерімен карантин режимін күшейту туралы жаңа қаулы дайындалып жатыр. Жалпы індет сәуір айынан бастап өрши түсті, жағдай күннен күнге ушығып барады. Мәселен, соңғы бір аптаның ішінде облыста 450-ге жуық адам кесел жұқтырған. Соның ішінде, 14 жасқа дейінгі балалар көп. Жыл басынан бері 350-ге жуық жасөспірім коронавирус инфекциясына шалдыққан.
Өңір бойынша блок-бекеттер қойылған жоқ. Бұл мәселе жаңа қаулыда қаралып жатыр деді мамандар. Жалпы, эпидахуал тұрақталмаса, пандемия кезіндегі қатаң шектеулер қайта қолданылуы мүмкін.