Қызылордада жұмыспен қамту орталығында ұзын-сонар кезек қалыптасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жұмыспен қамту орталығында ұзын-сонар кезек қалыптасты

20.04.2021

Қызылордада карантинге қарамастан жұмыспен қамту орталығында ұзын-сонар кезек қалыптасты. Жұмыссыз ретінде тіркелген қала тұрғындары бизнес бастау жобасынан қалыс қалмау үшін мекменің ішіне баса көктеп кіріп, тіпті есігін сындырған.

Таңсәріден бастап орталықтың алдында ығы-жығы адам. Бірі есіктен, бірі терезеден секіріп ғимаратқа еніп жатыр. Биыл жаңадан кәсіп ашамын деген қызылордалықтарға мемлекет тарапынан 555 қайтарымсыз грант қарастырылып отыр. Сондықтан, осы жобаға өтініш білдіруге келген жұрт карантинді елемей, құжатын өткізгенше жатналасуда. Түске дейін тұрғындарға 250-ден аса жолдама берілген.

Жақсылық Төлегенов, қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры: 
Біз 555 адамға жолдама беруге тиіспіз. Дегенмен халық көптеп келуде. Біз мұнымен шектеліп қалмаймыз. Одан да артылып кетіп жатса, тізім жасап, қанша қажеттілік барын анықтап, жоғары жақтан тиісті қаржы сұрайтын боламыз. 

Ал, Таразда қайтарымсыз гранттан үмітті тұрғындар шу шығарды. Олар мемлекет тарапынан 583 мың теңге көлемінде берілетін көмектің саны тым аз дейді. Тұрғындардың осы жобаға тіркелеміз деген әрекетінен де еш нәтиже шықпаған. 160 орынға бір күнде мыңнан астам адамнан өтініш түскен.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу