Келер жылы Қазақстанда «Google салығы» енгізіледі
Былтыр Салық кодексіне толықтыру мен өзгеріс енгізілу туралы заңға қол қойылған. Құжатта электронды қызмет көрсететін шетелдік компанияларға салық салу ережесі бекітілді. Ұлттық экономика министрлігі сарапшыларының айтуынша, шетелдік компаниялар қосымша құн салығын 12 пайызбен төлейді. Цифрлық даму министрлігіндегі мамандар «Google салығы» деп аталып кеткен төлемнен Ресей бюджетіне 3 жыл бұрын 70 млрд теңге, Беларусь еліне 3,5 млрд теңге түскенін жеткізді. Ал біздің бюджетке алдын ала есептеу бойынша 2 млрд теңге салық түсуі мүмкін.
Дархан Ахмедиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі департаментінің директоры:
Телефонымыздағы қосымшаларға ай сайын ақша төлеп отырамыз. Бірақ оны төлегенде Қазақстан азаматтарынан пайда алып жатып, Қазақстанға салық төлемейді.
Жазира Мыңбаева, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы:
Шетелдік компаниялар Қазақстанда тіркелуге міндеттеледі. Қазақстан аудиториясынан таза табыстың бәріне салық салынады.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Токиодан бөлек, тағы бір астана құрылмақ
27.07.2026, 17:01
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00