«Ауыл - ел бесiгі» жобасына 800 млрд теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл - ел бесiгі» жобасына 800 млрд теңге бөлінеді

20.04.2021
«Ауыл - ел бесiгі» жобасына 800 млрд теңге бөлінеді

«Ауыл - ел бесiгі» жобасына 800 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты.

«Денсаулық сақтау саласында бес жыл ішінде 1095 объект жөндеуден өткізіледі және салынады.  Бұл халықты медициналық қызмет көрсетумен қамтуды 2 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.

5 жыл ішінде 5 мың мектеп жаңғыртылып, 315 ауыл мектебі салынады.  Ауыл оқушыларын қосымша біліммен барынша қамту және білім сапасының қала мен ауыл арасындағы айырмасын қысқарту жұмысы жүргізілуде. 748 мәдениет объектісі мен 1719 спорт объектісі жөнделеді және салынады.

Жалпы, ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша 5 жылға арналған нақты жоспар әзірленген. 2021 жылдың өзінде «Ауыл - ел бесігі» жобасын жүзеге асыру аясында 105 млрд теңге бөлінді, ол 1,3 млн адам тұратын 480 ауылды жаңғыртуға мүмкіндік береді.  Бес жылдың ішінде 800 млрд теңге бөлінеді. Жол, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым жақсартылады. Бұл 7 млн ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік жасайды», - деді Мамин. 

ауыл Үкімет

Хабарламаларға жазылу