Қызметін асыра пайдаланды деп айыпталған қостанайлық экс-шенеунік сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызметін асыра пайдаланды деп айыпталған қостанайлық экс-шенеунік сотталды

18.04.2021

Осы аптаның басында Қостанай облысындағы Қостанай ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Рустам Садықов бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды. «Қызмет бабын асыра пайдаланды» деп айыпталған оған аудандық сот осындай үкім шығарды.

Оқиға былай өрбиді – 2016 жылы Қостанай ауданындағы Заречный ауылының маңынан сібір жарасымен өлген мал көмілген жер табылған. Сөйтіп радиусы 1000 метр санитарлық аумақ деп белгіленіп, онда жер қазуға тыйым салынған. Соның кесірінен оған дейін жер телімін алып, баспана тұрғызған отызға жуық отбасы үйлеріне инфрқұрылым жүргізе алмай қалады. Яғни оларға әлі күнге дейін табиғи газ тартылмаған, жол салынбаған. Су мен жарыққа жұрт өз қалтасынан қаржы шығарып қосылыпты. Сөйте тұра былтыр, 2020 жылы жеке кәсіпорынға ауыл іргесінен құм өндіруге рұқсат беріледі. Алайда тұрғындар наразылығынан соң аудандық жер комиссиясы бастапқы шешімді өзгертіп, құм өндіруді кейінге шегерілген.

Бірақ осы істің басы-қасында болған Қостанай ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Рустам Садықов «бизнеске кедергі келтірді» деген айыппен қылмыстық жауапқа тартылып, ақыры сотталып отыр. Бұл шешімге тұрғындар наразы. «Халық үніне құлақ асқаны үшін сотталды ма, сонда?» деп.

Оған қоса, сотта жеңіп шыққан құм өндіруші кәсіпкер көп ұзамай жұмысқа кірісемін деп отыр. Ал тұрғындар оған үзілді-кесілді қарсы. Дәуренбек Әбдібек мәселеге қайта үңілді.


Хабарламаларға жазылу