Тоқаевтың сынына ұшыраған «ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаевтың сынына ұшыраған «ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен босатылды

18.04.2021

Мемлекет басшысы Жарлығымен Алик Шпекбаевті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымынан босатып, орнына Әділет министрлігінде, Бас прокуратурада басшылық қызметтер атқарған, кезінде Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің орынбасары болған Марат Ахметжановты тағайындады.

Арнайы жиын өткізіп, мемлекеттің қауіпсіздігі мен халықтың әл-ауқаты сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жүйелі шараларға тікелей байланысты екенін кезекті рет айтты.

Президент әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңес те өткізді. Биыл ішкі жалпы өнімнің өсімі 3,1% деңгейде болады деп болжанған. Инфляция деңгейі 4-6% аралығында.

Қосымша қаражат автомобиль жолдарын дамытуға, «Ауыл – ел бесігі» жобасын одан әрі іске асыруға, экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларындағы кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға, «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыруға және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінеді. Сонымен қатар әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге, су тасқынына қарсы іс-шараларға, сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйелерінің құрылысы мен оларды жаңғыртуға қаржы бөлу жоспарланған.

Пандемиямен күреске бөлінетін қосымша қаржы дәрігерлерге үстемеақы және медициналық қызметтердің ақысын төлеуге жұмсалады. Қай салаға нақты қанша бөлінетіні туралы цифрлар берілмеді.

Тоқталатыны – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли «ҚазАвтоЖол» компаниясының басқарма төрағасы Ұлан Әліповтің қызметінен босатылғанын хабарланды. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы хабарласа, Үкіметке бұл шешімді Президент қабылдатқызғаны ғой. Иә, еліміздегі жолдардың сапасына байланысты сынның шарықтау шегі осы шығаруға барып тірелгендей. «Кім кімді сазға отырғызып жүр?» деп өткен бағдарламада айтқандай, бюджет қаржысының жұмсалуын қоғам қадағаламаса, қармен бірге еріп кете беретін түрі бар. Бұл қоғамның міндеті емес, бірақ амал жоқ, ситуация сондай.

Гогольдің 1835 жылы жазылған «Ревизорының» кейіпкерлері - қала басшысы Антон Антонович Сквозник-Дмухановский, судья Ляпкин-Тяпкин, Добчинский мен Бобчинский және басқалары неге еске түсе береді екен, осы? Әріптесім Альбина Әшім де сөйдейді.


Хабарламаларға жазылу