Қазақ тілін үйретудің заманауи әдіснамасы дайындалады
Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақ тілін үйретудің заманауи әдіснамасы» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырды. Шарада «балабақша-мектеп-колледж-жоғары оқу орындары-магистратура мен мемлекеттік құрылымдарда» қазақ тілін деңгейлеп үйретуге арналған жаңа тұжырымдама дайындау мәселесі талқыланды. Мамандар өз ұсыныстарын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Мәселен, әдістеме дайындауды тіл, әдебиет мұғалімдеріне жүктемей, әдіскер мамандарды арнайы оқытуды ұсынды. Қазақ тілін оқыту құралдарының бәрін цифрландыру, Қазтест платформасын жетілдіру, дидактикалық материалдармен алмастыру керегін айтты.
Әділбек Қаба, ҚР БҒМ тіл саясаты комитетінің төрағасы:
Жұмыс топтарын құру арқылы бұл одан ары қарай жалғасатын болады. Бұл ұзақ уақыттық жұмыс. Осы уақытқа дейін тіл комитетінде бұл мәселелерді үйлестіріп келгенімен, осымен айналысатын арнайы басқарма болған жоқ. Қазіргі уақытта тіл комитетінде арнайы әдістеме басқармасы құрылды.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17