Аймақтағы ақпарат құралдарының өкілдері екпе алып жатыр
Батыс Қазақстанда тілшілер жаппай екпе алды. Дәрігер, полицейлер секілді алдыңғы шепте, оқиға орнында жүретін азаматтар үшін вакцина салдыру маңызды. Ақпарат саласының өкілдері алдымен ПТР-тест тапсырды. Саулық шарасы санитарлық талапқа сай өтті.
Динара Әлпейісова, Aqjaiyq телеарнасының тілшісі:
Кеселге тосқауыл қоюдың бірден-бір ең тиімді жолы - вакцина салу деп ойлаймын өз басым. Салдырмастан бұрын түрлі пікірлерді оқыдым. Мамандардан кеңес алдым. Жан-жақты зерттеуден кейін, түрлі пікірді елеп-екшегеннен кейін осындай шешім қабылдадым.
Ал Шығыс Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпенің бірінші дозасын 30 мың адам салдырған. Қазір халықпен тығыз байланыстағы сала мамандарымен қатар, қарапайым тұрғындар да иммундалып жатыр. 30 жылдай медицина салысында еңбек етіп жүрген Гуля Кадырова, екпенің екі жартысын да ойланбастан алған.
Гуля Қадырова, жүрек тамырлары және торакалды хирургия бөлімінің хирургі:
Вакцина алған кезде, ешқандай теріс әсері болған жоқ. 35 не 56 күнде антиденелер бізде сақталып бітеді. Осы алған «Спутник V» вакцинасының эффектілігі 91,4 процент. Мұның көрсеткіші өте жоғары. Пандемиядан шығу үшін бізде үлкен тізбек тұр. Егер де біз 65-70 процент вакцина алатын болсақ, осы тізбекті жоямыз.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18