Түркияда төрт аптада 200 мыңдай адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда төрт аптада 200 мыңдай адам коронавирус жұқтырды

15.04.2021

Түркияда соңғы төрт аптада 200 мыңдай адам коронавирус жұқтырды. Және де мұндай науқастардың саны әрі қарай көбейіп жатыр. Елде пандемияның тағы өршуі Рамазан айының басталуымен және антивирустық шаралардың күшеюімен тұспа-тұс келді. Ал соңғы жетіде күн сайын кемінде 50 мың адамнан қауіпті инфекция табылып отыр. 

Осыған байланысты, сәрсенбі күні елдің ішкі істер министрлігі коменданттық сағат мерзімін ұзартып, қалалар арасындағы қатынасты тоқтатып, спортзалдар мен бассейндерді жапты. Сонымен қатар, үйлену тойларына тыйым салынып, мектептер онлайн режиміне оралды. Бұған қоса, қоғамдық көліктің толуы 50 пайызға дейін шектеліп, 65 жастан асқандарға сағат 10.00-ден түскі 14.00-ге дейін ғана үйден шығуға рұқсат беріліп отыр.

Қазір елде вакциналау науқаны жүріп жатыр. Жексенбіге дейін 18 миллионнан астам адамға екпе салынған. Олардың көбіне Қытайдың Sinovac вакцинасы егілді. 

Болжамдарға қарағанда, Түркиядағы эпидемиялық ахуалдың нашарлауына наурыздың ортасында ресторандар мен дәмханалардың қайта ашылуы себепші.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу