Сырдария ауданы «қызыл» аймаққа енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сырдария ауданы «қызыл» аймаққа енді

14.04.2021

Қызылорда облысында соңғы күндері коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты. Бүгінде эпидахуал ушыққан Сырдария ауданы «қызыл» аймаққа еніп отыр. Сол себепті аймақта карантиндік шектеулер қайта күшейтілді.

Жаңа қаулыға сәйкес мерекелік жиындар мен отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынды. Балалардың ойын сауық орталықтары мен бильярд, боулинг, компьютерлік клубтар, караоке қызметін көрсететін кәсіпкерлік нысандардың жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ, спорттық додалар енді көрерменсіз өтетін болады. Аймақтағы 300 орындық мектептер санитарлық-дезинфекциялық талаптарды қатаң сақтай отырып, дәстүрлі форматта оқуды жалғастыра береді. Кинотеатрлар мен концерт залдарының жұмысы тоқтатылған жоқ. Бірақ, көрермендер санын 20 пайызға дейін шектеу ұйғарылды. Жалпы 5 күн ішінде жағдай тұрақталмаса, карантиндік талаптар тағы күшейтілмек.

Айман Жанахаева, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы: 
Бүгінгі күні Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясын бағалау матрицасы бойынша 4 аудан «жасыл» аймақта, 3 аудан «сары» аймақта және бір өңір «қызыл» аймаққа өтіп отыр. Ол Сырдария ауданы. Сәуір айының 13 күнінде 43 дерек анықталып отыр. 

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу