Каспий қызыл түске боялды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий қызыл түске боялды

10.02.2020

Ақтауда Каспий теңізінің суы қызыл түске боялып, тұрғындардың зәресін ұшырды. Көк айдынның қызаруы 1-шағын аудандағы жағалауда байқалды. Алайда экологтар үрейленуге негіз жоқ деп отыр. Себебі бұл - табиғи құбылыс. 

Шалаң мен балдырлардың түсінен теңіз қызарып тұр. Осындай жағдай бұған дейін де байқалды. Ол кезде су диатомдық балдырлардың әсерінен қызыл түске боялған. «Бұл жағдай балықтарға да, қоршаған ортаға да қауіп төндірмейді», - дейді мамандар. 

Аягөз Оралбайқызы 

Хабарламаларға жазылу