«Бақытты отбасы» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды
«Бақытты отбасы» бағдарламасымен үй алу үшін өтініш қабылдау басталды. Бағдарламаға тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдік есебінде тұрған азаматтар қатыса алады. «Бақытты отбасымен» үй алу үшін Отбасы банкінің ресми сайтына электронды өтініш беру керек. Келесі күні сізге банк қызметкері қоңырау шалады. Белгіленген күні қажетті құжатты жинап, банк бөлімшесіне бару қажет. Бағдарламаның шарты бойынша ипотека 2% жылдық мөлшерлемемен 20 жылға дейін беріледі. Бастапқы жарна 10%. Құжаттар 26 мамырға дейін қабылданады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында баспананы 15 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде 10 млн теңгеге дейін сатып алуға болады.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан – алып құрылыс алаңы
29.09.2026, 14:12
Елімізде 79 медициналық жоба іске асырылады
29.09.2026, 14:09
Өңір медицинасының мүмкіндігі артып келеді
29.09.2026, 13:59
Көкшетауда шетелдіктер де ем ала алатын аурухана салынып жатыр
29.09.2026, 13:57
Сырдария жағасындағы аурухана емделуге де,тынығуға да қолайлы болады
29.09.2026, 13:53
Қызылордада қатерлі ісікті жаңа аппаратпен емдейді
29.09.2026, 13:49
Радиациядан қорғану үшін бетон қабаты 1 метрге дейін қалыңдатылған
29.09.2026, 13:43
Қызылордада қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім азайған
29.09.2026, 13:41