Сауд Арабиясы вакцина алғандарға шекарасын ашып, қажылық жасауға рұқсат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясы вакцина алғандарға шекарасын ашып, қажылық жасауға рұқсат берді

13.04.2021

Әлемде өткен аптада коронавирус жұқтыру деректері 9 пайызға өскен. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Өлім-жітім көрсеткіші де артқандықтан, ұйым пандемияның аяқталуына әлі ерте деп отыр.

Австралияда AstraZeneca вакцинасын қабылдаған екі адамда тромб пайда болған. Десе де билік екпе науқаны баяу жүріп жатыр деп, препаратты қолдануға тыйым салмады. Қанның ұюы көбінесе қарттарда байқалғандықтан, енді 50-ден асқан тұрғындарға Pfizer екпесі салынады.

Ал Сауд Арабиясы коронавирусқа қарсы вакцина алғандарға шекарасын ашып, қажылық жасауға рұқсат берді. Қасиетті Қағбаны айналу кезінде әлеуметтік ара-қашықтық сақталуы тиіс. Пандемияға дейін бес парыздың бірін орындауға 4 миллион мұсылман баратын. Биыл олардың саны карантинге байланысты екінші жыл қатарынан шектеліп отыр.


Хабарламаларға жазылу