Тәуелсіздік шежіресі: 1996 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік шежіресі: 1996 жыл

04.04.2021

Еліміздің алғашқы ұлттық тасымалдаушы компаниясы «Эйр Қазақстан» Президент жарлығымен 1996 жылы құрылған еді. Екі ай өтпей, компания ұшағы жантүршігерлік апатқа ұшырады. Қараша айында Шымкенттен Делиге бағыт алған Ил-76 ұшағы 4000 метр биіктікте Сауд Арабиясының Делиден Джиддаға шыққан Boeing-747 ұшағымен соқтығысады. Үндістанның Чархи Дадри қаласынан 5 шақырым жерге құлайды. Екі ұшақтағы 351 адам опат болды. Бұл аспанда соқтығысқан ұшақтар тарихында кісі өлімі жағынан ірі катастрофа болып есептеледі.

1996 жыл тағы немен еске түседі? Жұмыссыздықтың, туберкулездің өршуі, кішігірім кино сияқты жарнама роликтері, тәуелсіз мемлекет ретінде қатысқан алғашқы жазғы олимпиада, Тәуелсіздік монументінің тұрғызылуы. Айта кететіні, осы аптада монумент авторларының жетекшісі болған архитектор Шота-Аман Уәлиханов дүниеден өтті. Идея 1993 жылы Н.Назарбаевтың Египетке сапарында келген, сол елдің тәуелсіздік алғанына қойған монументіне қарап, «Шота Ыдырысұлы, неге осындай ескерткіш қоймаймыз, ойланыңызшы!» деген екен. Біздің монумент 1996 жылы 16 желтоқсанда ашылды.

«Тәуелсіздікке 30 жыл» рубрикасы, Нұрлан Асқардың кезекті репортажы.


Хабарламаларға жазылу