Балабақша педагогтерінің жалақысы неге аз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балабақша педагогтерінің жалақысы неге аз

11.04.2021

Білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысын уақыт салып 25 процентке көтереді, бұл жақсы. Жаманы – мектепке дейінгі мекемелерде істейтіндердің айлығы, оның ішінде педагог емес, қосалқы іспен айналысатын 100 мың маман кедейдің кедейі болып қалып отыр. Жалпы, балабақшалардың 60 проценті мемлекет қарауында. Демек ақылға қонбайтын айлық берілуіне мемлекет тікелей ықпал етеді. Мектепке дейінгі білім мен тәрбиеге ішкі жалпы өнімнің 0,3 проценті ғана жұмсалатынын айта кетейік. Ал мектепке дейінгі білім мен тәрбие негіздің негізі екенін кім білмейді?

Сонымен бірге өте төмен жалақы алатындар негізінен әйелдер болып отыр. Сөз қылып отырған салада 191 мың адам жұмыс істесе, соның 165 мыңы әйелдер. Негізі, басқа да, мысалы, санитарлық қызмет, еден жуу сияқты толып жатқан жұмыстар да төмен бағаланады. Оларды да көзін мұң, еңсесін уайым басқан әйелдер істейді. Мәселе тіпті «әйел» деп бөлуде де емес. Мәселе, еңбектің дұрыс бағаланбайтынында. «Кедейлік шеңберінен шығармайтын жұмыс» деген тақырыпта Азамат Алдоңғардың материалы.


Балабақша педагог жалақы

Хабарламаларға жазылу