Онлайн ақша аударымдары «жеке», «кәсіпкерлік» болып бөлінбек
Смартфон арқылы жасалатын онлайн ақша аударымдары «жеке» және «кәсіпкерлік» мақсатта деп екіге бөлінбек. Қаржы министрлігі осы арқылы бизнес иелеріне табысын жасырып, салықтан жалтаруға жол бермейміз деп отыр. Айтуынша қазір банктермен бірге қолданыстағы тетікті сақтай отырып, мобильдік аударымдарды жеке және кәсіпкерлік мақсаттарға бөлу және оны заңнамалық тұрғыда реттеу мәселелері қаралып жатыр. Яғни кез келген адам, онлайн аударым жасар кезде, ақшаны кімге жіберіп жатқанын көрсетпек. Министрдің айтуынша, 2019-дан бері мобильдік аударымдар екі жарым есе өсіп, 35 триллион теңгеге жеткен. Ал банк карточкаларымен жасалатын операциялар керісінше 32 пайызға дейін төмендеген.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:
Банк секторы жедел аударымдарды енгізіп, жеке тұлғалардың мобильді қаржылық операцияларға қол жетімділігін жақсартты. Бірақ жеке тұлғалар арасындағы транзакцияларға арналған жедел аударымдар кәсіпкерлік қызметте кеңінен қолданыла бастады. Бұл оларды салық төлеу, қаржылық есеп беру міндеттемелерінен босатпайды. Оның үстіне онлайн аударымдар табысты жасырып, көлеңкелі экономиканың дамуына ықпал етеді.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: Шетелдіктер BaiQymyz-2026 фестиваліне тәнті болды
11.07.2026, 18:34
«BaiQymyz–2026» фестивалінде робот-ит, Тәртіпбек пен Тазабек: Астанада өткен гастрономиялық іс-шарада «Заң мен тәртіп» акциясы өтті
11.07.2026, 15:11
«Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясының екінші кезеңі басталды
11.07.2026, 13:56
Астанада ауқымды халықаралық BaiQymyz-2026 гастрофестивалі басталды
11.07.2026, 11:26
ӘЧ: Ширек финалдағы шешуі сайыстар басталды
10.07.2026, 20:12
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтіп жатыр
10.07.2026, 20:11
Қазақстанда цифрлық активтерді заңдастыру басталады
10.07.2026, 20:08
«Әділет» партиясы кандидаттардың тізімін бекітті
10.07.2026, 20:08