Түркістан облысында індет жұқтырғандар қатары күрт көбейді. Өңірдегі кей аудан-қалаларда науқастар саны артып, стационарлар толып қалған. Мәселен, Жетісай, Сарыағаш, Бәйдібек аудандары мен Түркістан қаласындағы инфекциялық бөлімшелерінде орын жоқ.
Отырар мен Сайрам аудандарында да жағдай қиындай түсіп, Мақтаарал ауданынан жаңадан инфекциялық бөлімше ашылған. Облыста соңғы тәулікте 25 адам індетке шалдықса, жыл басынан бері мыңға жуық адамнан ковид анықталған. Олармен қарым-қатынаста болған 3 мыңға жуық тұрғын бақылауға алынып, 457 ошақ залалсыздандырылған.
Облыста 22500-ден аса адам екпе алға. Алайда вакцина салдырамын деушілер қатары көбейген соң, тапшылық туындаған.
Нұрбек Нышанов, Түркістан облысының бас санитар-дәрігері:
Түркістан облысында халық саны көп. Екпе қабылдауға ниетті азаматтар санының артуына байланысты қосымша доза алуға ұсыныстар әзірленуде. Екпе салғандардың арасында теріс әсерлер мен асқынулардың жағдайы тіркелмеді.
Айнұр Ақбаева