Ақтөбедегі ауыл тұрғындарының шөбін өртегендер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі ауыл тұрғындарының шөбін өртегендер ұсталды

12.12.2018

Ақтөбе облысының Қосестек ауылын 1 айға жуық үрейде ұстағандар табылды. Олар 10 үйдің ауласындағы шөпті өртеген. Ең қызығы, күдіктілердің әрқайсысы өзінше әрекет етіпті. Яғни, бірінің істегенін екіншілері білмеген. Тұрғындарды тергеген полиция қызметкерлерінің сөзінше, шөп өртеуді туыстарымен ренжісіп қалған кәмелет жасына толмаған қыз бала бастаған. Бірнеше үйдің қора-қопсысы өртенген соң, 35 жастағы әйел де таныстарының шөбіне от қойыпты. Одан кейін кезекті 25 жастағы жігіт алған. Ол шөпке от қоймас бұрын, үй иелеріне ескерту хат қалдырып, ақша бопсаламақ болған. Үш күдіктінің ауылдастарына келтірген шығыны 5 млн. 700 мың теңге шамасында.

Ерболат Сарқұлов, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш ауыл тұрғыны анықталды. Ол үшеуінің де бір-бірімен байланысы жоқ. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Жақсыбек КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу