Алматыда көлікпен жарысқандар апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көлікпен жарысқандар апатқа ұшырады

08.04.2021

Алматыда автокөлікпен жарысқандар апатқа түсті. Бүгін түнгі 2.00 шамасында 20-21 жастағы екі азамат автокөліктерімен Сүмбіле көшесінде жарыс ұйымдастырған. Алайда бір жолақты көшенің бойындағы қиылыстардың бірінен өте бергенде, екеуі де көлік тізгініне ие бола алмай қалған.

Алдымен Toyota автокөлігі жол жиегіне шығып кетіп, газ құбырының бірнеше тіреуішін сүріп өткен. Осылайша көлік жеке үйдің қақпасына соғылып, аударылып қалған. Ал BMW автокөлігі жол жиегіндегі арықты асып, жаңадан салынып жатқан үйге соғылып, төңкеріліп түскен. Абырой болғанда, апаттан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушілер медициналық көмекке жүгінбеген. Олардың бірі осы жолдың бойынмен сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүйткігенін айтқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетіп, жол апатының мән-жайын анықтауда.

Нұрхан Нұрланұлы


жол апаты Алматы

Хабарламаларға жазылу