Қажымұқанның 150 жылдығы қарсаңында әлем рекорды жаңартылды
Бүгін атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл. Осы тарихи күн қарсаңында оның қазіргі ізбасары саналатын әлемнің төрт дүркін рекордшысы Сергей Цырульников тағы бір рекордты жаңартты.
Ол әрбіреуі 940 келі салмаққа шыдайтын 4 тағаны 37 секундтың ішінде майыстырып, иіп берді. Ал, осыған дейінгі әлем рекорды 49 секундта 2 таға ғана болған.
Сергей Цырульников, 4 дүркін әлем рекордшысы:
Бұл сертификаттың мен үшін маңызы зор. Осылай әлем рекордын жаңарту арқылы өзімнің рухани ұстазым Қажымұқан палуанға құрмет көрсеткім келді. Сондай-ақ, жақында Қажымұқан туралы фильм түсірілгелі жатыр. Ол жерде палуанның мықтылығын көрсету үшін түрлі спорттық тәсілдер орындауға дайындалып жүрмін.
Тарихи тойды жоғары деңгейде өткізу үшін Ақмола облысының Қажымұқан ауылына жиналған қонақтар палуанның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, осы ауылда спорт кешеніні салынатыны туралы көпшілікке қуанышты хабар жеткізді. Мерекелік шара қазақша күрестен жасөспірімдер арасында облыстық турнирге ұласты.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07