Бірнеше өңірде жоғары ағынды оттегі құрылғысы жоқ
Бірнеше өңірде жоғары ағынды оттегі құрылғысы жоқ. Жан сақтау бөлімдерінің тек 64 проценті стандартқа сай техникамен қамтылған. Бүгін Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов денсаулық сақтау министрлігіне осындай сауал жолдады. Пандемия уақытында қажетті құрылғымен қамтудың маңызы зор. Вирус елге тарағалы біраз уақыт өтсе де, бұл мәселе әлі күнге дейін түбегейлі реттелмеген. Ал оттегі концентрациясы - ауруды тез емдеудің тың тәсілі. Соның нәтижесінде науқасты ИВЛ аппаратына ауыстыру қаупіненен сақтайды. Тиімділігі дәлелдене тұра, бұл құрылғымен еліміздегі медициналық мекемелердің тек 22 пайызы ғана қамтылған.
Ғалымжан Елеуов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Атырау, Қызылорда, Маңғыстау өңірлерінде бұл құрылғы мүлдем жоқ. Біз мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, қайғылы жағдайлардың алдын алуымыз керек. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі барлық аймақта ковидті емдеуге қажетті құрылғыларға қатысты ақпараттарды нақтылауы қажет.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09