Қызылорда облысында 7 мыңнан астам адамға екпе егілді
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алушылардың қатары күн санап артуда. Бүгінде аймақта 7 мыңнан астам адам ерікті түрде екпе салдырған. Індеттің ілмегіне түсіп қалмаудың ең тиімді тәсілін тұрғындар енді ұғынып келеді дейді медицина мамандары.
Қаладағы №3 емхананың дәрігері Дана Есетова вакцинаны алғашқылардың бірі болып алды. Өйткені былтырғы пандемия кезінде өзі де ауырып, кеселдің қаншалықты қауіпті екенін сезінді. Сол кездегі қатерді қайта бастан өткермеу үшін екпенің екі кезеңінен өтіп, қазір ағзасында вирусқа қарсы антиденелер қалыптасқанын айтады.
Дана Есетова, №3 емхана дәрігері:Осы вакцинаны алу өте маңызды деп ойлаймын. Өйткені коронавирустық инфекцияның алдын алудың ең бір пайдалы және тиімді нәтижелі тәсілі болады.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06