Атырау облысында балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді шашынан сүйреген
Балабақшадағы бүлдіршіннің шашынан сүйреген 21 жастағы тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға Атырау облысының Жаңа Қаратон елді мекеніндегі «Балдырған» бөбекжайында болған. Келеңсіз жағдайды баласы шағым айтып келген ата-ана, бейнебақылаудағы жазбаны тексеру кезінде анықтаған. Бейнежазбада балабақша қызметкері бүлдіршіннің қасына жақындайды да басынан ұрып шашынан сүйрейді. Қазір тәрбиеші жұмыстан уақытша шеттетілді. Білім бөлімінен арнайы комиссия құрылды. Ал полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Гүлжансара Таңатарова, Жылыой аудандық Білім бөлімі басшысының орынбасары:Әлеуметтік желіге жарияланған видеоның әрбір минутын, әрбір секунтын қарап жатырмыз. Қазір біз тәрбиешінің тарапынан да, балабақша меңгерушісінің уақытша қызметі лауазымындағы адамнан да, әдіскерлер, жалпы барлық қызметкерлер тарапынан жеке-жеке түсініктеме алып жатырмыз. Қазір қортындысын шығару әлі ерте, себебі зерделеу комиссиясы жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді
24.09.2026, 23:10
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18