Коронавирус жұқтырған 474 адамның жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус жұқтырған 474 адамның жағдайы ауыр

07.04.2021
Коронавирус жұқтырған 474 адамның жағдайы ауыр

Өткен тәулікте коронавирустан 27 адам көз жұмды. 2080 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 258917-ге жеттi. 

Соңғы тәулікте 1711 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 228089. Қайтыс болғандар - 3156.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 28 624 адам ем қабылдап жатыр. 474 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 116 адам дертке шалдығып, 4 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 50955 адамға пневмония диагнозы қойылды. 49290 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 713.

Ал бүгінде ел бойынша КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны 217070-ке жетті.


коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу