Қарағанды фармацевтикалық кешені «Спутник V» вакцинаcының өндірісін арттырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды фармацевтикалық кешені «Спутник V» вакцинаcының өндірісін арттырды

06.04.2021

Қарағанды фармацевтикалық кешені «Спутник-V» вакцинасының өндірісін 2 есеге арттырды. Себебі халықтың екпеге сұранысы артқан. Осыған байланысты зауыт өзге препараттардың көлемін қысқартып, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны шығаруға басымдық беріп отыр. 

Ресейден жеткізілетін вакцина субстанциясы екі апта ішінде түгел дайын препарат етіп шығарылуы тиіс. Бастапқыда кәсіпорын 600 айына мың доза вакцина шығарса, енді өндіріс 2 есеге көбейген. Осы айдың өзінде шамамен 2 миллион доза өндірілмек.

Владимир Фольмер, фармацевтикалық кешеннің өндіріс жөніндегі директоры:
Қазір вакцинаға сұраныс көбейгендіктен, кейбір басқа препараттардың өндірісін қысқарттық. Сөйтіп халықты «Спутник-V» вакцинасымен қамтамассыз етуге күш салудамыз. Қазір бұл вакцинаны шығару көлемі жағынан Ресейден сәл ғана қалыс келеміз.

Халық арасында вакцина жөнінде сан алуан пікір бар. Әлеуметтік желілерде жалған ақпарат та желдей есіп жүр. Сондықтан рсепубликалық қоғамдық бақылау өкілдері екпеге қатысты ең маңызды сұрақтарды назарға алып, оларға жауап беруде. Қазір ел көлемінде 380 қоғам белсендісі көпшілікке түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Саида Тәуекелова, республикалық қоғамдық бақылау тобының үйлестірушісі:
Бізге тәулік бойы көптеген адамдар вакцина жайындағы сұрақтармен хабарласады. Бастапқыда екпеге көпшілік күмәнмен қараса, қазір енді оған сұраныс күрт артты. Екпе алу жолдарын, кімдерге алуға болатынын, сұрайды. Енді біреулері оның қалай шығарылатынына, препараттың жеткілікті екеніне көз жеткізгісі келеді. Сондықтан қоғам белсенділері осы сұрақтардың жауабын толыққанды беруге, халыққа түсіндіруге тырысудамыз.

Ел бойынша вакцинаға сұранысты толықтай қамтамасыз етуді көздеп отырмыз -дейді фармацевтикалық кешен басшылары. Алдымен Алматы, Шымкент, Атырау сынды шалғай қалаларға перпараттар жеткізіледі. Ал сәуірдің 9-на қарай Елорда мен өзге де өңірлерге жіберіледі.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу