Маңғыстауда 9 мектептің асханасы жұмыс істемей тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 9 мектептің асханасы жұмыс істемей тұр

06.04.2021

Маңғыстаудағы Мұнайлы ауданында 9 бірдей мектептің асханасы жұмыс істемей, 3 мыңға жуық оқушы ыстық тамақсыз қалды. Асханалар IV тоқсан басталғалы бірде-бір рет ашылмаған. Себебі оқушыларды тамақпен қамтамасыз етуге ниетті кәсіпкерлер конкурстың нәтижесіне наразы болып, бір-бірінің үстінен арыз жазған. Осыған байланысты қазір тексеру жүріп жатыр. Ал соның салдарынан бірінші сыныптың 2 мыңға жуық оқушысы және аз қамтылған отбасының 800-дей баласы тамақсыз отыр.    

Батырбек Демократұлы,  Мұнайлы аудандық білім бөлімінің басшысы:
Тездетіп қарау туралы мәселе туралы да өтініш түсіргенбіз. 1-2 күнде мәселе шешіліп, ертеңнен бастап асханамыз жұмыс жасайды деп есеп жасап отырмыз. 

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу