Ай сайын 2 млн адамға екпе салынады - Мамин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ай сайын 2 млн адамға екпе салынады - Мамин

06.04.2021
Ай сайын 2 млн адамға екпе салынады - Мамин

Сәуір, мамыр және маусым аралығында өңірлерде ай сайын 2 млн адамға вакцина салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты.

«Қазіргі біздің басты міндетіміз – санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцина алғандардың санын арттыру. Осы бағытта нақты жұмыс ұйымдастырылды. Министрлік вакцинациялау бойынша жоспар әзірледі. Биылғы сәуір, мамыр және маусым айлар аралығында өңірлерде ай сайын 2 млн адамға вакцина алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.  Қыркүйек айында 10 миллионға жуық вакцинациялауға жататын адамдарға вакцина салуды аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Үкімет басшысы.
«Денсаулық сақтау жүйесі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілді. Ауруханаларда дәрі-дәрмектердің айлық қоры бар. Ал СК «Фармация» қоймаларында және дәріханаларда 2 айлық қор жасалынды. Сонымен қатар, барлық өңірлерде 3 айлық дәрі-дәрмектердің, жеке қорғаныс құралдар мен шприцтері бар тұрақтандыру қорлары құрылды», - деп түйіндеді Асқар Мамин.


вакцина Үкімет

Хабарламаларға жазылу