Әлемде 650 миллиондай адамға екпе салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде 650 миллиондай адамға екпе салынды

05.04.2021

Үндістанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 100 мыңнан асып, рекордтық көрсеткішке жетті. Пандемия басталғалы індетке 13 миллиондай адам шалдыққан. 77 миллионға жуық тұрғын вакцина алып үлгерді. Дегенмен жан басына шаққандағы екпе саны басқа елдерге қарағанда төмен.

Ал Ұлыбританияда енді әр азамат аптасына екі рет инфекцияға тегін тест тапсыра алады. Бұл – вирусты дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, ел билігі қосымша шаралар мен вакцинация арқылы экономиканы қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Айта кетсек, әлемде вакциналау науқанына кіріскен мемлекеттер 153-ке жетіп, жер шарында 650 миллиондай адамға екпе салынды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу