Бейресми саммит: Түркістан декларациясы қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейресми саммит: Түркістан декларациясы қабылданды

04.04.2021

Дүйсенбіде Президент «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жоғары деңгейдегі жиынға қатысқан, онлайн форумды өткізуге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада және Ямайканың премьер-министрлері мұрындық болды. Іс-шара COVID-19 пандемиясы кезеңінде халықаралық күш-жігерді қаржыландыру саласына қарай жұмылдыруға арналды, деп жазады Ақорда сайты.

Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы мемлекеттер тобының төрағасы ретінде сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясы басталғалы бері топқа мүше елдер шетелдік инвестициялардың азаюы, сауда-саттық пен ақша аударымдарының төмендеуі, қаржылық қарыздардың өсуі, орташа алғанда экономиканың 2,4 пайызға құлдырауы секілді аса қауіпті құбылыстармен бетпе-бет келгенін атап өтті. Мемлекет басшысы Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы мемлекеттерді қолдауға байланысты бірқатар нақты ұсынысын ортаға салған.

Мысалы, Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік банктің дағдарысқа қарсы 160 миллиард доллар көлеміндегі көмегі мен Халықаралық валюта қоры беретін 1 триллион доллар кредит жүйесін пандемия салдарынан айтарлықтай зардап шеккен елдерге бөлу аса маңызды деп санайды.

Түркістан автономиясы тарихынан қандай тарихи сабақ алдық?- деген сауалға жазушы, ғалым Бейбіт Қойшыбаев: – Тарихи сабақ алғанымыз жоқ. Себебі олардың көтерген мәселесі – Орталық Азия халықтарының бірлігін жоғалтпау еді. Орталық Азия федерациясын, болмаса экономикалық одақ құрайық деп жанталасқан еді. Кеше Совет Одағы тараған кезде осыдан сабақ алып, Орталық Азия федерациясын құру керек еді. Ол экономикалық жақтан да, теңдікке де жақсы болған болар еді. ТМД-дегенге кіріп, тағы да Ресейдің ықпалына түсіп қалдық, деген.

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми Саммиті онлайн форматта өткен – Түркістан декларациясы қабылданды. Саммиттің кейбір детальдарына Альбина Әшім тоқталады.


Хабарламаларға жазылу