Тауарларға ілеспе құжаттарды рәсімдеу мерзімі кейінге шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тауарларға ілеспе құжаттарды рәсімдеу мерзімі кейінге шегерілді

02.04.2021

Тауарларға ілеспе жүк құжаттарын рәсімдеу мерзімі кейінге шегерілді. Өйткені пилоттық режимде іске асқан жаңа ережеге кәсіпкерлер тарапынан шағым өте көп. Әр сатқан тауарға қосымша қағаз толтырудың машақаты көп, ұзақ уақыт алатынын айтқан. Тіпті Алматы облысында наразылық білдіріп дүкендерін 1 күнге жауып тастағандар да болды. Айтуларынша бұл бизнестің дамуына кедергісін келтіреді. Осыны ескерген Мемлекеттік кірістер комитеті ілеспе жүк құжаттарын толтыру 1 қазаннан кейін бірақ басталатынын жеткізді.

Жайдар Іңкербаев, Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары: 
Ерекше көңіл бөлетін жайт шағын бизнес өкілдеріне, кішігірім дүкендерге электрондық ілеспе жүк құжаттарды және виртуалды қоймаларды жүргізудің қажеті жоқ. Тек сатып алынған алкоголь және темекі өнімдерін алғандарын растайды. Бұл үшін тегін мобильді қосымшасын қолдануға болады.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу