Азық-түлікке шекті баға белгілеу жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түлікке шекті баға белгілеу жалғасып жатыр

02.04.2021

Азық-түлікке шекті баға белгілеу жалғасып жатыр. Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша әр өңірде баға әртүрлі.

Мәселен Ақтөбеде қарақұмықтың келісі 338, қанттыкі 230 теңгеге дейін болуы тиіс. Қарағанды облысында жұмыртқа 346, өсімдік майы 597, картопқа 94 теңге көлемінде шекті баға белгіленбек. Ал Қызылорда облысында жұмыртқа 430, күнбағыстың бағасы 632 теңге болмақ. Шымкентте жұмыртқа 392, күнбағыс майы 605 теңге болуы мүмкін.

Қымбатшылықпен күрестің күшеюі бекер емес. Баға өткен айда да өскен. Статитика бюросының хабарлауынша наурызда көкөністер 3,2; күнбағыс майы - 1,9; ал сиыр еті, макарон өнімдері мен сүт 1 пайызға қымбаттаған.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу