Елімізде сұйытылған газға шекті баға белгіленгелі жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде сұйытылған газға шекті баға белгіленгелі жатыр

04.03.2022

Сұйытылған газға шекті баға белгіленгелі жатыр. Энергетика министрлігінің бұйрық жобасына сәйкес оның бағасын салықты есептемегенде тоннасына 28 мың теңге қылып белгілеу ұсынылып отыр. Яғни литрі 28 теңге. Бірақ бұл құю бекеттеріне арналған баға. Тұтынушыларға қымбатырақ болады. Қазір оның құны нарыққа байланысты әр аймақта әр түрлі. 50-75 теңге аралығында бекітілгені белгілі. Оны қымбаттатпай ұстап тұру үшін енді кәсіпкерлерге шекті баға белгілеу көзделіп отыр. Әзірге бұйрық жобасы ашық талқылауға шығарылған. Қабылданса, сәуірден бастап күшіне енеді. 

Хабарламаларға жазылу