Пәтердегі дезинфекциядан кейін екі адам көз жұмды. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғыны баспанасын қандаладан улаймын деп, көршілерінің өліміне себепші болды. Тағы 3 тұрғын ауруханада жатыр. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, дизенфекция жүргізген мекеменің өкілі қамауға алынды. Уланып қалған 29 жастағы әйел ауруханаға жетпей көз жұмса, 2 жасар бүлдіршін ауруханада жан тапсырды. Қайғылы жағдайдан кейін көпқабатты үйдегі тұрғындардың жартысы қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға орнында санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығының мамандары зерттеу жүргізіп жатыр.
Рашид Қуандықов, Мұнайлы аудандық Полиция істері бөлімінің бастығы:
- ҚР ҚК 104-бабы, абайсызда өлімге әкеп соқтыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптаулар тағайындалды. Дезинфекция жүргізген «Таракан Нет» ЖШС-нің қызметкері 2 тәулікке қамауға алынды. Тергеу амалдары жүруде.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.